Қарағанды қаласының аумағында "Отбасында зорлық-зомбылыққа орын жоқ" республикалық акциясы өткізілуде
2020 жылғы 13-15 қараша аралығында өткізіліп жатқан акция барысында тұрғылықты жері бойынша күнделікті өмірде құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғаларға, сонымен қатар аз қамтылған отбасыларға тексерулер жүргізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында мінез-құлқына ерекше талаптар қойылған және оларға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылған тұлғаларға қатысты шектеулерді сақтауға ерекше назар аударылады.
Іс-шара аясында 13 қарашада "Мир добра" дағдарыс орталығының өкілдері Қарағанды қаласының ПБ ЖПҚБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері, аумақтық бөліністердің қызметкерлерімен бірге қиын тұрмыстық жағдайда қалған адамдарға көмек көрсету бойынша кездесу өткізді.
- Биыл Қарағанды қаласының ПБ жергілікті полиция қызметі отбасылық зорлық-зомбылыққа жол берген тұлғаларға қатысты 3 113 қорғау нұсқамасын шығарды. Қорғау нұсқамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 420 азамат тартылды, - деп атап көрсетті Қарағанды қаласының ПБ бастығы Думан Кожахметов.