Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды академиясының үздік түлегі — "Отанға қызмет" айдарында

Республикалық "Отанға қызмет" ақпараттық айдары аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының үздік түлегі Тоғжан Аманғалиеваның өмір жолы таныстырылды.

Тоғжан Аманғалиева еліміздің 14 үздік жас офицерінің қатарына еніп, Астанада Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсімі барысында офицерлік атаққа ие болды. Бұл жоғары атақты ол Қазақстан Республикасының Президентінің қолынан алды. Бұл — оның оқу үлгерімінің жоғары деңгейін, тәртібін және жеке қасиеттерін мойындаудың айқын көрінісі.

"Отанға қызмет" айдарына берген сұхбатында жас маман мамандық таңдауы, академиядағы оқу жылдары, офицерлік анттың маңызы, сондай-ақ Заң мен халыққа қызмет етудегі алғашқы қадамдары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар кәсіби жауапкершілік, ішкі істер органдарындағы жас кадрлардың рөлі және полицияға деген қоғам сенімінің маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, Тоғжан Аманғалиева Семей қаласының тумасы. Оқу барысында ол мақсатының айқындығымен тәртібімен және бастамашылдығымен ерекшеленіп, академияның ғылыми және қоғамдық өміріне белсене қатысты.

"Отанға қызмет" айдары полиция мамандығын кеңінен насихаттауға, ішкі істер органдарының оң имиджін қалыптастыруға және мемлекет пен қоғамға адал қызмет етудің үлгісін көрсетуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру