Қарағанды тұрғыны дүкеннің витринасынан төрт спорттық костюм үптеп кетті
Қарағанды тұрғыны дүкеннің витринасынан төрт спорттық костюм үптеп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 қазанда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол сауда үйлерінің бірінде сатушы болып жұмыс істейтінін айтты. Белгісіз біреу ерлердің спорттық костюмдерінің төрт жиынтығын ұрлап кеткен. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
25 қазанда жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 28 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылымысын мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.