Қарағанды тұрғыны танысының үйіне ұрлыққа түскен
Қарағанды тұрғыны танысының үйіне ұрлыққа түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші бірнеше күн туысының үйінде болған. Осы уақытта белгісіз біреу оның үйіне ұрлыққа түсіп, тоңазытқыш, кір жуатын машина және балонымен газды ұрлап кеткен.
Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 70 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
15 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар 25 жастағы күдікті ұсталды. Ол жәбірленушіні танитынын және ұзақ уақыт үйінде болмағанын біліп, ұрлық жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізулуде.