Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД бастығы азаматтардың өтініштеріне жауап берді
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД бастығы азаматтардың өтініштеріне жауап берді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
21 ақпан күні сағат 11.00-де Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Бекболат Шәкіров сотталғандардың туыстарымен жеке мәселелері бойынша онлайн кездесу өткізді.
Іс-шара барысында сотталғандарды жұмысқа орналастыру, медициналық көмек көрсету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәселелері қаралды. Қабылдау барысында азаматтардың сұрақтарына жан-жақты түсініктемелер беріліп, әрбір өтінішке жауаптар ұсынылды.
Бұл кездесулер қылмыстық-атқару жүйесінің ашықтығы мен жариялылығын нығайтуға септігін тигізеді, сонымен қатар сотталғандардың туыстарын толғандыратын мәселелерді уақытында шешуге мүмкіндік береді.
Департамент сотталғандардың құқықтарын қорғауды және оларды әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету бағытында жұмыстарын жалғастыруда.
- Біз азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беріп, қылмыстық-атқару жүйесіне қатысты барлық мәселелерді түсіндіру мақсатында ашық диалог жүргізуге ұмтыламыз, – деді Бекболат Шәкіров.