Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемеде салтанатты іс-шара өтті
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекемеде салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын 25 қазанда Қазақстанда айрықша маңызға ие мереке — Республика күні атап өтіледі. Бұл күн тәуелсіздігіміздің жарияланғанын ғана емес, халықтың бірлігін, азаттыққа және жарқын болашаққа деген ұмтылысын білдіреді. Бұл мерекенің қуанышы әрбір қазақстандықтың жүрегіне ұялайды, оның ішінде темір тордың ар жағындағы азаматтар да бұл күннің мәнін ерекше сезінеді. Оларға бұл мейрам өмірге жаңа көзқараспен қарап, өз болашағына оң өзгерістер енгізу мүмкіндігін береді.
Осы атаулы мерекеге орай Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №62 мекемеде салтанатты іс-шара өтті. Бұл шараға Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Б. Жайлаубаев, Жезқазған қаласының прокуроры Ж. Қонарбаев, Ұлытау облысы прокурорының аға көмекшісі Ш. Нұрдаулетов, адам құқықтары жөніндегі уәкіл А.Каримов, сондай-ақ Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасының және Қарағанды мен Ұлытау облыстарының ҚАЖД өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында сотталғандар патриоттық рухты, отансүйгіштікті, азаматтық құндылықтарды жоғары бағалайтындықтарын көрсетті. Қорытындыда белсенділік танытқан сотталғандар бағалы сыйлықтармен марапатталып, олардың оң өзгерістерге деген ынтасы мен ниеттері бағаланды.
Бұл мерекелік шараның мәні зор: ол қиын жағдайда жүрген азаматтардың туған елмен рухани байланысын нығайтуға, бірлік пен ынтымақтастыққа үндейді. Республика күні әрқайсымызға ортақ мақсаттар мен құндылықтардың жарқын көрінісі болып қала бермек.