Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемелерінде Білім күніне орай салтанатты жиын өтті
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемелерінде Білім күніне орай салтанатты жиын өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 29, 31, 32, 35 түзету мекемелері жанындағы жалпы білім беретін мектептерде салтанатты жиын өтті. Бүкіл әлем дерлік 1 қыркүйекті Білім күні ретінде атап өтеді. Бұл үрдістен түзету мекемелері де шетте қалмайды.
Барлық сотталғанды осы ұмытылмас күнмен мектеп директорлары және мекеме әкімшілігі шын жүректен құттықтады. Ол бұл күннің мәні мен оған мектептің қалай дайындалғанын айтып берді.
– 1 қыркүйек – жаңа оқу жылының басталуы. Өз жолдарыңызды таңдаңыздар! Кез келген жағдайда ұстаздар, мекеме қызметкерлері сіздерге сөзбен де, іспен де көмектесе алады. Қолдау көрсетеді, – деді мекеме басшысы.