Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемелерінде сотталғандар мұздан мүсіндер жасады

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемелерінде мұздан  мүсіндер жасау бойынша байқау ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды және Ұлытау облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекемелерде Жаңа жылды қарсы алуға арналған ерекше дәстүр қалыптасқан. Сотталғандар мекеме аумақтарын қар мен мұздан жасалған мүсіндермен безендіріп, нағыз қыс ертегісін жасайды.

Желтоқсан айында жыл сайын өткізілетін қар мүсіндерінің байқауы биыл да ерекше сән-салтанатпен өтті. Мекемелер аумақтарында Аяз ата мен Ақшақар бастаған ертегі кейіпкерлері, әртүрлі жануарлар бейнелері, сондай-ақ 2025 жылдың символы – жасыл жыланның қардан жасалған мүсіндері пайда болды.

Сотталғандардың шығармашылығы мен шеберлігі мекемелер арасындағы байқаудың басты ерекшелігіне айналды. Биыл үздік фигураларды анықтау үшін сотталғандармен тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің мамандары ұсынған фотоматериалдар негізінде қазылар алқасы өз бағаларын берді.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Гран-при – №30 мекеме;

1-орын – №31 мекеме;

2-орын – №35 мекеме;

3-орын – №32 мекеме

Бұл дәстүрлі байқау сотталғандарға шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беріп қана қоймай, оларға мерекелік көңіл күй сыйлайды. Қар мен мұздан жасалған бұл ғажайып мүсіндер мекемелер аумағын қысқы ертегіге айналдырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру