Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандар арасындағы жазғы спартакиада қорытындыланды
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде сотталғандар арасындағы жазғы спартакиада қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сотталғандар арасында өткен 2024 жылғы жазғы спартакиаданың жабылу салтанаты Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты № 29 мекемеде өтті.
2 ай ішінде спортшылар жеңіске жету үшін күресіп, төрешілер жеңімпаздарды анықтады. Бірінші болуға ұмтылған спортшылар жақсы физикалық дайындықты көрсетіп төзімділікті, жылдамдықты және ептілікті шыңдады.
Әр түрлі спорт түрлері бойынша жүлделі орындарға ие болған қатысушылар салтанатты жағдайда кубоктармен, грамоталармен марапатталды. Мекеме басшылығының бастамасымен жалпы командалық жүлделі орындарға ие болған жарысқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
– Мұндай іс-шараларды өткізудің негізгі мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарында қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыру және қолдау, салауатты өмір салтын насихаттау және сотталғандардың күнделікті өміріне дене шынықтыру мен спортты енгізу. Дене тәрбиесі шектеулі кеңістік жағдайында сотталғандарды түзетудің маңызды бөлігі болып есептеледі. Ал жүлделі орындар үшін бағалы сыйлықтармен марапаттау, мекемеде өткізілетін спорттық және тәрбиелік іс-шараларға қатысуды ынталандыру үшін бағытталған, – деді мекеме бастығы Қуат Булатұлы.