Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша  ҚАЖД мекемесіне адам құқықтары жөніндегі өкілдер барды

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша  ҚАЖД мекемесіне адам құқықтары жөніндегі өкілдер барды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №36 мекемесіне адам құқықтары жөніндегі өкілдері келді. Сапар барысында Қарағанды облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі өкілдердің мүшелері мекеме аумағын аралап, бірқатар маңызды бөлімдерді, атап айтқанда мекеме бастығының кабинетіне, әйелдер жатақханасына, әйелдер жатақханасының тәрбие жұмысы кабинетіне, психолог кабинетіне, асханаға және ерлер секцияларына барды.

Сапар аясында қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеп жатқан шетелдік азаматтар үшін визалық құжаттарды ұзартуға қатысты мәселелер қозғалды. Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың ізгілік актілерімен жүгіну, медициналық қызметтер мен заң көмегіне қол жеткізу құқықтарын қамтамасыз ету үшін одан әрі жұмыс істеудің маңыздылығы атап өтілді.

- Сапардың негізгі мақсаты – адам құқықтарының сақталуын бақылау, ұстау жағдайларын жақсарту және сотталғандардың құқықтық көмегіне қол жеткізуді қамтамасыз ету, - деп атап өтті мекеме бастығы Е. М. Каргалтаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру