Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлады
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері балаларға қуаныш сыйлады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғыс айту күні – жақсылықтың жаршысы, айналаға жылулық сыйлайтын ерекше мереке. Бұл күн алғыс білдірумен ғана шектелмей, мұқтаж жандарға көңіл бөлудің, ізгілік танытудың тамаша мүмкіндігі.
Осы игі дәстүрді жалғастырып, Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығы мен қызметкерлері «Қарағанды облысының балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не арнайы барып, қамқорлық пен мейірімге зәру балаларға қуаныш сыйлады. Сыйлықтар мен шаттыққа толы сәттер ғана емес, қоғамның оларды қолдайтынын сезіндіру – осындай игі бастамалардың басты мақсаты.
– Мұндай шаралар балалардың жүзінде күлкі, жүрегінде сенім ұялатумен қатар, олардың жан дүниесін терең түсінуге мүмкіндік береді, – деді Ерлан Апаханов.
Жақсылық жасау – жүректен. Алғыс айту күні сол жүректен шыққан мейірім мен қамқорлықтың айқын көрінісі болды.