Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері "Таза Қазақстан" акциясын қолдады
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік бастамаларды қолдау мақсатында республикалық "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсене атсалысты.
Барлық қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері бір кісідей бірігіп, экология мәселелеріне деген жауапкершілік пен бірліктің жарқын үлгісін көрсетті.
Акция аясында барлық мекемелерде ауқымды сенбіліктер ұйымдастырылды. Қызметкерлер мекемелердің маңайындағы аумақтарды қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды абаттандырды, ағаштар мен бұталар отырғызып, гүлзарлар жасақтады. Сонымен қатар қоғамдық орындарды көріктендіріп, кіші архитектуралық нысандарды жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Ұйымшыл әрі мақсатты еңбектің нәтижесінде ондаған гектар жер тазартылып, жүздеген көшет отырғызылды. Өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға елеулі үлес қосты.
Атқарылған шаралар қызметкерлердің табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыра түсті. "Таза Қазақстан" акциямына белсенді қатысу – ҚАЖД мекемелерінің әлеуметтік бастамаларға жан-жақты қолдау көрсететіндігін және азаматтық ұстанымының биіктігін айқын аңғартты.
Осы іс-шараға үн қосу арқылы департамент пен оған қарасты мекемелер әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына беріктігін тағы бір рет дәлелдеп, туған өлкенің тазалығы мен көркіне шынайы жанашырлықпен үлес қосты.