Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда 11 жасар баланың ұялы телефонын алдап алып кеткен алаяқ ұсталды

Қарағандыда 11 жасар баланың ұялы телефонын алдап алып кеткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 маусымда 40 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне жүгінді. Белгісіз біреу қоңырау шалуды сылтауратып, 11 жасар ұлының ұялы телефонын алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құрайды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

16 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметінің қызметкерлері күдікті 27 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталған адамның осыған ұқсас екі қылмысқа қатыстылығын анықтады. Барлық жағдайда алаяқ кәмелетке толмағандардың сенгіштігін пайдаланған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру