Қарағандыда 19 жастағы жігіт тұрғынды пышақпен қорқытып, телефонын алып кетті
Қарағандыда 19 жастағы жігіт тұрғынды пышақпен қорқытып, телефонын алып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 маусымда Қарағанды қаласының ПБ-на 18 жастағы қала тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ол кешке үйге қайтып бара жатқан уақытта белгісіз адам тоқтатқан. Бейтаныс адам аяқасты жанжал шығарып, пышақпен қорқытып, ұялы телефонын тартып алған. Шығын мөлшері 91 мыңнан астам теңгені құрайды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Келесі күні жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – 19 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.