Қарағандыда 19 жастағы жігіт жөндеуді қажет ететін көлікті тонап кетті
Қарағандыда 19 жастағы жігіт жөндеуді қажет ететін көлікті тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 қазанда 41 жастағы Қарағанды тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне хабарласқан. Көпқабатты үйдің ауласында белгісіз біреу көліктен генератор мен қосалқы бөлшектерді ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құрады. Күрделі жөндеуді қажет ететіндіктен, көлік есік алдында тұрған.
Жедел-іздестіруде Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция жасағының қызметкерлері күдікті – 19 жастағы жас жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.
ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.