Қарағандыда 62 жастағы тұрғынның телефонын қолды қылған ер адам ұсталды
Қарағандыда 62 жастағы тұрғынның телефонын қолды қылған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 тамызда 62 жастағы қала тұрғынынан Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреудің ұялы телефонды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.
Ұрлық жәбірленуші асханаға барған кезде болған. Ол ұялы телефонды үстелге бірнеше минутқа қалдырып, сыртқа шыққан, ал қайтып келгенде телефонын жоғалып кеткенін білген. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
31 тамызда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен күдікті – ауылдық округтердің бірінің 34 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол қылмысын мойындап, айғақты зат алынды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.