Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда 93 жастағы зейнеткерді тонаған жігіт ұсталды

Қарағандыда 93 жастағы зейнеткерді тонаған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне белгісіз біреу көпқабатты үйдің ауласында зейнеткерді тонап кеткені туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына Қарағанды қаласының ПБ Патрульдік полиция полкінің екі жасағы келіп жетті.

Тексеріс барысында кенеттен шабуыл жасаған жігіт 93 жастағы зейнеткердің қолынан сөмкені тартып алып, қашып кеткені анықталды. Жәбірленушінің айтуынша, сөмкенің ішінде ақшасы бар әмиян және пәтер кілттері болған. Шығын мөлшері шамамен алты мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру шарасы кезінде полиция қызметкерлері күдікті – 18 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, қарт әйелге әмиян мен пәтер кілттері қайтарылды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру