Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда адам тонаған жасөспірім ұсталды

Қарағандыда адам тонағаны үшін кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 қарашада Қарағанды қаласы Михайлов полиция бөліміне 21 жастағы қала тұрғыны хабарласып, қалада орналасқан сауда үйлерінің бірінің алдында белгісіз біреудің ұялы телефонын алып кеткені жөнінде хабарлады.

Шығын көлемі 54 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында ізін суытпай 17 жастағы күдіктіні ұстады, оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру