Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда әйел дүкеннен бір мезетте 192 шоколад ұрлап кетті

Қарағандыда әйел дүкеннен бір мезетте 192 шоколад ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйек күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне аумақтағы дүкендердің бірінен белгісіз біреу 192 шоколад ұрлағаны туралы ақпарат түсті. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

30 қыркүйек күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатасы бар деген күдікпен 31 жастағы әйел ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру