Қарағандыда әйел тонаған күдікті қолға түсті
Қарағандыда адам тонаумен айналысқан азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 қараша күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 44 жастағы қала тұрғыны хабарласып, кешкілік уақытта үйіне қайтып келе жатқанда оған белгісіз адамның шабуыл жасап, ұялы телефоны мен құжаттарын тартып әкеткендігі туралы арызданған.
Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ізін суытпай осы іске қатысы бар деген күдікпен 49 жастағы азаматты ұстады. Ұсталған адамнан айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына (Тонау) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.