Қарағандыда алаяқ әйел 15 жастағы жасөспірімнің телефонын қолды қылған
Қарағандыда алаяқ әйел 15 жастағы жасөспірімнің телефонын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 наурызда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 44 жастағы қала тұрғыны жүгінген. Ол белгісіз біреу шұғыл қоңырау соғамын деп оның 15 жастағы ұлының ұялы телефонын қолды қылғанын айтты. Оқиға сауда үйлерінің бірінде орын алған. Келтірілген шығын көлемі 80 мың теңгені құраған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
2 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 21 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді. Айғақты зат – ұялы телефон алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.