Қарағандыда алаяқ басқа біреудің атынан млн теңгеге тауарлық несие алды
Қарағандыда басқа адамның атынан млн теңгеге тауарлық несие рәсімдеген алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны арызданды. Ер адам белгісіз біреу оның деректерін пайдаланып, жалпы құны млн. теңге болатын екі ұялы телефонды несиеге сатып алғанын айтты.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, 37 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.