Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда алаяқ өзін адвокат ретінде таныстырып, миллиондап ақша тапқан

Қарағандыда алаяқ өзін адвокат ретінде таныстырып, алты миллион теңгеге жуық ақша тапқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласы ПБ Октябрь полиция бөлімінің қызметкерлері мереке күндері алаяқтықтың жеті фактісін анықтады.

1 мамырда Октябрь ПБ-не 34 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгілі бір әйел несие алуға көмектесуді сылтауратып, 25 мың теңгені иемденіп кеткені туралы айтып шағымданды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 39 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы алты қылмысқа қатысы бары анықталды. Ол несие алу кезіндегі  «қызметтерді» ғана емес, мүгедектік алуға медициналық анықтамаларды да жасап отырған. Сонымен қатар, ол тиісті білімі болмаса да, өзін адвокат ретінде ұсынған. Мысалы, ол 39 жастағы ер адамды оған заңгерлік көмек көрсете алатындығына сендіріп, жәбірленушіден шамамен 4,5 млн теңге алған.

Оның 32 жасар қарағандылық әйелге ипотекалық несие алудағы «көмегі» 375 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Жалпы алаяқ жәбірленушілерге шамамен алты миллион теңге көлемінде шығын келтірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру