Қарағандыда ауыл тұрғыны ер адамды тонап кеткен
Қарағандыда ауыл тұрғыны ер адамды тонап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 қараша күні сағат 16:50 шамасында Қарағанды қаласының ПБ-ның Орталық полиция бөліміне Жолаушылар көшесіндегі үйлердің бірінің маңында бір адамды тонап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, жәбірленуші 61 жастағы ер адамға белгісіз біреу шабуыл жасағанын анықтады. Күдікті күш қолданып, жәбірленушінің күртешесін, азық-түлік салынған сөмкесін алып қашып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 11 мың теңгені құрады.
Полицейлер күдіктіні – ауылдық округтердің бірінің 44 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.