Қарағандыда автотұрақтан көлік ұрлаған күдікті ұсталды
Қарағандыда автотұрақтан көлік ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 желтоқсанда Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Жәбірленуші ер адам автотұрақтан белгісіз біреу оның көлігін ұрлап кеткенін айтты. Келтірілген шығын көлемі 2 млн 900 мың теңгені құрады.
Іздеуге кіріскен криминалдық полицейлер күдіктіні – 21 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты зат – автокөлік алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.