Қарағандыда автожуу орнының қызметкері тұынушының көлігін ұрлап ЖКО жасады
Қарағандыда автожуу орынының жұмыскері тұтынушының көлігін ұрлап әкетіп жол-көлік оқиғасын жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты орталық полиция бөліміне 54 жастағы қала тұрғыны хабарласты. Жәбірленуші азаматша белгісіз біреу көлігін ұрлап әкеткені туралы арызданған.
Белгілі болғандай, жәбірленуші көлігін жуғызуға көлік жуу орынына келген. Арада уақыт өтіп, көлігін алып кетуге келгенде темір тұлпары орынында болмаған.
Атқарылған жұмыстар барысында патрульдік полиция полкінің жасағы ұрланған көлікті қаладағы сауда орындарының бірінің маңынан соғылған күйінде тауып алды. Көп ұзамай сол маңнан кешенді жұмыстар барысында көлік жуу орынында жұмыс істеген 30 жастағы азамат ұсталды.
Ұсталған азамат көлікті жуып болғаннан кейін мініп келуге шыққанын, кейін көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 700 мың теңге.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабына (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.