Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда «Бала қауіпсіздігі» шарасы өткізілуде

17-19 тамыз күндері Қарағандыда «Бала қауіпсіздігі» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласында Оңтүстік-шығыс ПБ аумағында полиция қызметкерлерімен кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтарды оның ішінде жыныстыққа қол сұғылмаушыққа қарсы күрес, жазатайым оқиғаларды, суицид фактілерін алдын алу, үйден өз бетімен кеткен кәмелетке толмағандардың әрекетін және олардың қатысуымен жасалған қылмыстарды, басқа да оқиғалардың болу жолдарын анықтау мақсатында 2020 жылдың тамыз айының 17-і мен 19-ы күндер аралығында «Бала қауіпсіздігі» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізілді.

Бұл іс-шараға тек полиция қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар білім беру бөлімі, денсаулық сақтау бөлімі, волонтерлер, көмек орталықтарының өкілдері де қатысты. Оңтүстік-шығыс ПБ аумағында 31 білім беру орталығы бар, оның ішінде бір жоғары білім беру орны, жеті колледж, басқалары орта білім беру мектептері.

Аумақта 25 мыңнан астам жасөспірімдер білім алады. Әрбір баланың өзінің психикалық мінездері бар, олардың әр қайсысының тілін табу, қоғамдық ортасын анықтау, отбасы жағдайын тексеру ол әр ересектің міндеті.

Сол себептен полиция қызметкерлері педагогтармен бірлесе отырып, мектеп оқушыларының ата-аналарымен, оларға қазіргі кезеңдегі қылмыстық жағдайды жеткізе отырып, әр ата-ананың балаларының тәрбиесімен іс-әрекеттерін бақылауға алу, олардың заң алдындағы жауапкершілктерін түсіндіру, жеткізу мақсатында  интернет желісі арқылы ата-аналар жиындары жүргізіледі.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқығын қорғау, олардың тұрмыстық жағдайын, отбасылық қарым-қатынастарын тексеру және олармен, ата-аналарымен алдын алу әңгіме – кеңестерін өткізу мақсатында, Оңтүстік-шығыс ПБ есебінде тұрған тұлғалар мекен- жайлары бойынша тексерілді.
Бұл тексеріске тек қана қолайсыз отбасылар ғана емес, сонымен бірге бұрын сотталғандар, наркология диспансерінде «маскүнемдер» санатымен есепте тұрғандар, наркомандар, түрмеден босатылғандар, оның ішінде отбасыларында кәмелетке толмаған жасөспірімдер тәрбиеленетін тұлғалар да тексеріске алынды.

Сонымен қатар Оңтүстік-шығыс полиция қызметкерлері көмек көрсету орталығы «Полу месяц» өкілдерімен бірлесіп, көмек қажет ететін, есепте тұрған 11 отбасына барып азық-түлік қажетті заттарын таратып көмектерін көрсетті.
Сондай-ақ, азаматтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау, олардың жазатайым оқиғаларға түскен жағдайда қандай іс- әрекет жасау, қайда шағымдану, оны қалай алдын алу жайында, оқу орындарда, саябақтарында, сау үйлерінде, қоғамдық орындарында жастар шоғырланатын орындарда полиция қызметкерлерімен жаднамалар таратылды.

Құрметті ата-аналар! Қазіргі уақытта үйінен өз бетімен кеткен балалар туралы көп ақпараттар түсуде, өз балаларыңыздың тәрбиесімен айналысыңыздар, оларға көп көңіл бөліңіздер, қоғамдық орталарын тексеріңіздер, өздеріңіздің бала тәрбиелеудегі міндеттеріңізді ұмытпаңыздар!
Бала туғаннан бастап өз туғандарының, оның ішінде ата-аналарының мейірімділігін, махаббатын қажет етеді. Ал егер, оларға қолдау болмаса, балалар жалғызсырайды, сол себептен басқа жерден, басқа ортадан қолдау іздейді, бұзық ортаға тап болады.
Өз балаларымызды өзіміз қорғайық, құрметті ата-аналар!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру