Қарағандыда бейнебақылау камераларының көмегімен екі ұрлық ашылды
Қарағандыда бейнебақылау камераларының көмегімен екі ұрлық ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 сәуірде Қарағанды қалалық ПБ Октябрь полиция бөліміне дүкендердің бірінде ұрлық орын алғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Бутиктердің бірінде құны 25 мың теңге тұратын әйелдер пальтосы жоғалып кетен.
Полицейлер сауда орнында орнатылған бейнебақылау камерасындағы жазбаларды зерттеді. Зерттеу барысында пальтоны алдын ала дайындаған пакетке жасырып, көшеге шығып кеткен белгізіз бір тұлға анықталды. Бұл жағдайда қаскүнемнің әрекетін ешкім байқамаған. Полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады, ол 43 жастағы Абай қаласының тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша полиция ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
24 сәуірде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер қаскүнемді анықтап, ұстады. Ол ұрланған тауарды белгілі бір адамға сатқанын түсіндіріп, мойындады.
Сол күні Қарағанды қалалық ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 49 жастағы қала тұрғынын ұстады.
3 сәуірде қаскүнем сауда үйлерінің бірінен балалар тауарларын ұрлап кеткен. Шығын сомасы 70 мың теңгені құрады. Оның қылмыстық әрекеттерінің негізгі дәлелі ұрлық сәтіндегі бейнекамераның жазу болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.