Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бір күнде есірткі жарнамасы бейнеленген 4 мыңнан астам граффити боялды

Қарағандыда бір күнде есірткі жарнамасы бейнеленген 4 мыңнан астам граффити боялды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағандыда есірткі заттарының таралуына қарсы күресті және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған ауқымды акция өтті. Іс-шараға мыңнан астам адам қатысты, олардың ішінде Қарағанды қаласы полиция басқармасының полиция қызметкерлері, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары, Жастар ресурстық орталығының еріктілері, қоғамдық көмекшілер, төрт ЖОО-дан (ҚарМУ, ҚЭУ, ҚарМТУ, ҚМУ) студенттік жасақтар, сондай-ақ басқа да оқу орындарының студенттері болды.

Акцияға қатысушылар есірткі заттарының жарнамасы бар заңсыз граффитиді бояу және есірткіге қарсы тақырыптағы жадынамалар мен буклеттерді тарату үшін бірікті. Акцияға қатысушылар топтарға бөлінді, олардың әрқайсысы учаскелік полиция инспекторларының басшылығымен белгілі бір секторда жұмыс істеді.

Іс-шара қорытындысы бойынша қала аумағында бір күн ішінде есірткіні заңсыз жарнамалайтын 4200-ден астам жазу мен сурет боялып, үш мыңнан астам жадынама мен буклет таратылды.

Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдиннің сөзінше, жыл басынан бері полиция қызметкерлері ақпараттық ресурстар арқылы есірткі сатқаны үшін 71 қылмыстық іс қозғалғанын, оның 40 дерегі граффити арқылы жарнамамен байланысты екенін атап өтті.

Сондай-ақ есірткі заттарын таратуға қатысқан 53 адам ұсталды, олардың арасында екі жүкті, көпбалалы ана, төрт студент және 8 кәмелетке толмаған бала болған.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткі жарнамасы бар 10 мыңға жуық граффитиді бояды. Әбілдин граффити арқылы жарнаманы таратқаны үшін 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру