Қарағандыда бір топ жастар тонау жасағаны үшін жауапқа тартылмақ
Қарағандыда бір топ жастар ашық тонау жасағаны үшін жауапқа тартылмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 тамыз күні түнгі сағат 1.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне Ержанов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінің маңында ашық тонау болғандығы туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жақын маңдағы патрульдік полиция полкінің жасағы жіберілді. 40 жастағы жәбірленуші полиция қызметкерлеріне түнгілік үйіне келе жатқанда белгісіз біреулер жолын жауып, оны қорқытып қолындағы сөмкесімен ұялы телефонын тартып алғандығы туралы мәлімдеген. Оған келтірілген шығын көлемі 150 мың теңгені құраған. Жәбірленуші полицейлерге күдіктілердің түрлерін суреттеп, олардың шамамен 20 жаста екенін айтты.
Жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында полиция қызметкерлшерімен «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 18-19 және 21 жастағы үш азамат ұсталды. Олардан айғақ заттар тәркіленіп, қылмыс жасағандықтары туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Осыған ұқсас жағдай қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінде тіркелді. Белгісіз азаматтар демалыс орынында демалып жатқан 50 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынына шабуыл жасап, 30 мың теңге ақшасы мен алтын алқасын, сырғасын алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 275 мың теңгені құраған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, тергеу кезінде жәбірленуші азаматша оны таныды.
Екі факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.