Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бірнеше көлік дөңгелегінің қақпағын ұрлаған күдікті қолға түсті

Қарағандыда бірнеше көлік дөңгелегінің қақпағын ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараша айының басынан бастап Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне жеңіл автокөліктердің дөңгелегінің қақпақтарының ұрлануы бойынша арыздар түсе бастады.

Аталған деректерге байланысты полицияда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

Полицияда осындай деректің 5 фактісі тіркелді. Соңғысы 12 желтоқсан күні белгісіз біреу Гапеев көшесінің бойындағы көп қабатты үйдің ауласында тұрған жеңіл автокөліктің дөңгелегінен шешіп алған. 58 жастағы жәбірленуші өзіне келтірілген шығынды 20 мыңға бағалады.

Полиция қызметкерлерімен қылмысты зерделеу барысында тіркелген барлық фактілерде күдіктінің бір маркадағы автокөліктерден дөңгелек қақпақтарын шешкенін анықтады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 жастағы күдікті ұсталды. Ол барлық деректер бойынша мойындау көрсетпе белгілерін беріп, ұрланған қақпақтардың бір жиынтығын 10 мың теңгеден сатқанын айтты. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру