Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бірнеше ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Қарағандыда бірнеше ұрлық жасаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының Киров аудандық полиция бөліміне соңғы бір апта ішінде ұрлық деректері бойынша жеті азаматтан арыз түскен. Өтініштерде күдіктінің сыртқы белгілерінің бір-біріне ұқсас сипатталуы қылмыстарды бір адамның жасауы мүмкін деген болжамға негіз болды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде құқық қорғау органдары күдіктінің жеке басын анықтап, 23 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ұсталу кезінде ол өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге тиесілі ұялы телефондар мен әмияндарды заттай айғақ ретінде өз еркімен тапсырды. Алайда әмияндардағы ақшалай қаражатты күдікті жаратып үлгергені анықталды.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар полиция қызметкерлері оның қала аумағында бұрын жасалған өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру