Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда бірнеше ұрлыққа қатысы бар пәтер ұрысы ұсталды

Қарағанды облысында бірнеше ұрлыққа қатысы бар пәтер ұрысы құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 23 желтоқсанында Қарағанды облысы Саран қаласының полиция бөліміне белгісіз біреудің оның пәтеріне кіріп, мүлкін ұрлап кеткені туралы 33 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті.

Оқиға болған жерді қарау барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлері ұрының пәтерге сыртқы есікті кілтпен ашып кіргенін анықтады. Пәтерге еркін кірген ұры түрлі-түсті теледидар, былғары куртка, құлақшынды алып кеткен, келтірілген шығын мөлшері 243 мың теңгені құрайды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.

15 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті  Жезқазған қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады, ол қылмысын мойындады. Сонымен қатар, ұрының Жезқазған аймағындағы бірнеше ұрлыққа да қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру