Қарағандыда бірнеше велосипед пен мопед ұрлаған жасөспірім анықталды
Қарағандыда бірнеше велосипед пен мопед ұрлаған жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласында полиция қызметкерлері санаулы уақыт ішінде көпқабатты үйлердің ауласынан мопед көлігін ұрлап кеткен 16 жастағы жасөспірімді ұстады.
Оқиғаның мән жайын анықтау барысында тәртіп сақшылары күдіктінің осыған дейін тағы да екі велосипед және бір мопед ұрлағанын анықтады.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі – 650 мың теңге.
Айғақ заттар тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.