Қарағандыда бойжеткенге шабуыл жасаған күдікті қолға түсті
Қарағандыда бойжеткенге шабуыл жасаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Таңғы сағат 5.00 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне Гоголь көшесінің бойындағы үйлердің пәтерлерінің бірінде бойжеткенді тонап кетті деген хабарлама түсті. Оқиға орынынан бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.
Жәбірленуші 22 жастағы қыз полиция қызметкерлеріне түнгілік уақытта пәтердің есігін біреулердің қаққанын, таныс біреу келді деген ниетпен есікті ашқанда белгісіз екі адам кіріп қорқыту арқылы оны тонап кеткенін түсіндірді. Қаскөйлер жәбірленушінің жалғыз болғанын пайдаланып, ашық түрде екі ұялы телефон, алтын сақина және 100 мың теңге ақша алып кеткен. Келтірілген шығын 300 мың теңгені құраған.
Криминалдық полиция қызмектерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 20 жастағы екі азамат ұсталды. Ұсталғандар жәбірленушіге қатысты тонау жасағандары туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта олардың басқада қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр.