Қарағандыда бөтен біреудің көлігін айдап әкеткен жас жігіт ұсталды
Қарағанды облысында бөтен біреудің көлігін заңсыз айдап кеткен қаскүнем құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
3 наурыз күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне қаладағы Әлиханов көшесінің бойындағы үйлердің ауласынан белгісіз біреудің басқа адамға тиесілі автокөлікті заңсыз айдап әкеткені туралы хабарлама түсті.
Оқиға сағат 17.00 шамасында болған. 43 жастағы көлік иесі автокөлігін азғана уақытқа тастап кеткен. Осы сәтті ұтымды пайдаланған қаскөй автокөлікті айдап әкеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 600 мың теңгені құрады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы жас жігіт анықталып ұсталды. Ол қылмысын мойындады, автокөлік тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.