Қарағандыда дәмханада жасалған ұрлық қылмысы ашылды
Қарағандыда дәмханада жасалған ұрлық қылмысы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласының дәмханаларының бірінде тіркелген ірі көлемдегі ақша ұрлығы криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде әшкереленді.
Полицияға шағыммен жүгінген қала тұрғыны белгісіз біреудің өзіне тиесілі 285 мың теңгесін жасырын түрде ұрлап кеткенін хабарлаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 44 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Күдікті жасаған қылмысын мойындады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.