Қарағандыда дүкеннен ақшаны ұрлап кеткен ұры ұсталды
Қарағандыда дүкеннен ақшаны ұрлап кеткен ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 сәуірде Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне 53 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Арызданушының айтуынша, түнде оның дүкеніне белгісіз біреу терезе арқылы кіріп, 140 мың теңгеден аса қаражатты ұрлап кеткен. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
29 сәуір күні жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде криминалдық полиция қызметкерлері 39 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Ұры қылмысын мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.