Қарағандыда екі адамды өлтірген күдікті ұсталды
Қарағандыда екі адамды өлтірген күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
26 шілде күні түнгі сағат 01:30 шамасында Қарағанды қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласында екі адамның мәйіті табылды. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен бірден оқиға болған жерді қарау күдіктіні анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілді.
– Жедел әрекеттер барысында Қарағанды қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен 23 жастағы күдіктіні анықталып, ұсталды. Ол жәбірленушілермен сөзге келіспушілік барысында пышақ жарақатын салғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Қылмыс құралы тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 99-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен жәбірленушілердің жеке басы анықталды. Олар 18 және 20 жастағы азаматтар. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.