Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ер адам базар контейнерінен техника ұрлаған

Қарағандыда ер адам базар контейнерінен техника ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 34 жастағы қала тұрғынынан арыз келіп түсті. Ол өзін жеке кәсіпкер екендігін және ұялы телефон, компьютерлік техника жасаумен айналысатынын түсіндірді. Жәбірленушінің базарда тауарларды сақтайтын контейнері бар. Белгісіз біреу аталған контейнерге кіріп телефон мен ноутбукті ұрлап кеткен. Шығын мөлшері шамамен 100 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында криминалдық полиция қызметкерлері 22 жастағы күдікті ер адамды анықтады.

Күдікті жәбірленуші клиентке қызмет көрсетіп жатқанын пайдаланып, білдіртпей телефон мен ноутбукты қолына алғанын мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
15:00-ге

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру