Қарағандыда ер адам көлік салонынан қымбат ұялы телефон ұрлап кетті
Қарағандыда ер адам көлік салонынан 460 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
5 қарашада Қарағанды қаласы ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, белгісіз біреу құны 460 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Белгілі болғандай, жәбірленуші көлігін сауда үйлерінің бірінің жанына қойып, сауда үйіне кірген. Қайтып келгенде ол ұялы телефонының жоғалып кеткенін байқаған.
Жедел-іздестіру тобының қызметкерлері күдікті 28 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.