Қарағандыда ер адам сауда үйінен ыдыстарды ұрлап кетті
Қарағандыда ер адам сауда үйінен ыдыстарды ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ-ның Орталық полиция бөліміне сауда үйлерінің бірінде белгісіз біреу тауар ұрлап кеткені туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, ұрының құны 80 мың теңге тұратын кәдесыйлар жиынтығын алып кеткенін анықтады.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті 29 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, айғақты заттар алынды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.