Қарағандыда ер адам зейнеткердің бақшасынан темір рельстерді ұрлап кетті
Қарағандыда ер адам зейнеткердің бақшасынан темір рельстерді ұрлап, металл сынықтарын қабылдау пунктіне тапсырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 шілдеде 72 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласының ПБ Киров полиция бөліміне жүгінді. Зейнеткер белгісіз біреудің бақтан темір рельстерді ұрлап кеткенін айтты. Жәбірленуші шығын мөлшерін 20 мың теңгеге бағалады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 35 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол ұрланған мүлік металл сынықтарын қабылдау пунктіне жіберілгенін түсіндіріп, мойындау мәлімдемесін жасады. Айғақты дәлелдемелер алынды.
ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.