Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ер адам ЖШС директорына оқ атты

Қарағандыда ер адам ЖШС директорына оқ атты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазанда Қарағанды қалалық ПБ Орталық полиция бөліміне сауда кәсіпорындарының бірінде жанжал кезінде қару қолданылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Қарағанды қалалық ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел жетті.

Жәбірленуші – бір ЖШС-нің 30 жастағы директоры белгілі бір адаммен жанжалдасып қалған. Жанжал кезінде шабуылдаушы "Оса" травматикалық тапаншасынан оқ атқан. Травматикалық қарудан жарақат алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілгенТәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шарасын ұйымдастырып, күдікті – 29 жастағы ер адамды ұстады. Ол қылмысын мойындады. Травматикалық тапанша тәркіленді.

ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы (Заңсыз қару сақтау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру