Қарағандыда ер адамды пышақтап кетті
Қарағандыда ер азамат пышақталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 ақпан күні сағат 19.10-да Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Жедел басқару орталығынан 15 шағын аудандағы пәтерлердің бірінде ер азамат пышақталғаны туралы ақпарат алады.
Әскери жасақтар бойынша кезекші Оразгелді Өтеген патрульшілермен бірге оқиға орнына тез арада аттанады.
Ұландықтар полиция қызметкерлерімен бірге күдіктіні құрықтап, Қарағанды қаласының Октябрь аудандық полиция пунктіне жеткізеді. Ұсталған ер азамат өз қылмысын мойындап, пәтер иесімен сөзге келіспей, пышақ сұққанын айтты. Дәлелді дәйектер оқиға орнында тәркіленді.