Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда ет сататын дүкенге ұрлыққа түскен ер адам анықталды

Қарағандыда ет сататын дүкенге ұрлыққа түскен ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 46 жастағы қала тұрғыны шағымданды.

Жәбірленушінің шаруа қожалық иесі болып жұмыс істейтіндігі және қалада ет өнімдерін сататын дүкені бары анықталды. Арыз жазған күні белгісіз біреу оның ет өнімдерін сататын дүкеніне ұрлыққа түскен. Ет салынып тұрған тоңазытқыштары мен кондиционердің мыс түтіктерін үптеп кеткен. Сөйтіп аталған заттар істен шыққан.

Оған келтірілген шығын көлемі 256 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 14 наурыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 26 жастағы адам ұсталды.

Ол ұрланған заттарды темір қабылдау орындарына тапсырғандығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру