Қарағандыда гироскутер ұрлығы ашылды
Қарағандылық ұры қоймаға кіріп, гироскутер ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 қазан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 39 жастағы азамат хабарласып, құны 50 мың теңге тұратын гироскутерін белгісіз біреулердің ұрлап кеткендігі туралы арызданған.
Аталған зат көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы қоймада тұрған. Ұры қойманың есігінде тұрған құлыптың кілтін іріктеп таңдау арқылы ашып, гироскутерді ұрлап кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстады, ол қылмысын мойындады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.