Қарағандыда кәсіпорынның күзетшісі қоймаға ұрлыққа түскен
Қарағандыда ер адам өзі жұмыс істеген кәсіпорында ұрлық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне сауда кәсіпорнынан белгісіз адам қоймадан ұрлық жасап, металл бұйымдарын ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен. Келтірілген шығын көлемі 32 мың теңгені құрады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтап, осы кәсіпорында күзетші болып жұмыс істейтін 56 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.