Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде көлік айдаған

Қарағандылық полицейлер екі жыл бұрын көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қараша күні Қарағанды қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция полкі қызметкерлері түнгі сағат 01.30 шамасында Октябрь ауданында қызмет өткеру барысында көшеде келе жатқан «Ауди» автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында 45 жастағы жүргізушінің жүргізуші куәлігі болмаған. Сондай-ақ жүргізушіден алкогольдік ішімдіктің исі шығып тұрған.

Өткізілген медициналық куәландыру көлік тізгінінде отырған азаматтың алкогольдік ішімдік ішкенін растады.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері оның 2018 жылы үш жылға көлік басқару құқығынан айырылғанын анықтады.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру)  сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру