Қарағандыда «көлік қызметтерін» ұсынған 22 жастағы алаяқ ұсталды
Қарағандыда «көлік қызметтерін» ұсынған 22 жастағы алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 шілдеде Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне Нұр-Сұлтан қаласының 40 жастағы тұрғынынан арыз түсті. Анықталғандай, жәбірленушіге тауарды Алматыға жеткізу қажет болған. Интернет-қосымшалардың бірінде ол тиімді жүк жеткізу қызметін көрген. Жәбірленуші бұл хабарландырудың авторымен байланысқа шығып, көлік қызметін жалдамақ болған. Көлік иесі алдын ала төлем талап етіп, 25 мың теңге көлемінде ақшаны шотына аудартып алған. Келісілген уақытта көлік келмей, ақша алған адам хабарсыз кеткен.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алаяқтыққа қарсы профилактикалық іс-шара барысында күдікті – 22 жастағы жас жігіт анықталып, ұсталды. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. Полиция күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.